ДАҢҒЫРА – қазақтың көне ұрмалы-сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспабы. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық әдет-ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды.Даңғыраның ұлттық ағайындас түрі көптеген халықтарда болған. Мысалы, чуваштар өздерінің мұндай аспабын – хангрма, алтайлықтар мен қалмақтар – дунгурма, қырғыздар мен тувалықтар – дунгур, өзбектер – дойра, ұйғырлар – дап деп атаған.«Шамандық пен шамандар» деген мақалада металл сылдырмақтары бар даңғыраның даусы қалай шығатыны толық баяндалып жазылған. «Бубеннің ішіне жиекке айналдыра ілінген тот басқан он сылдырмақ, – делінген мақалада, – салдыр-гүлдір, қаңғыр-күңгір етіп, бубенге сартылдай соғылған дауысты да, сондай-ақ шаманның тенор үнін де естіртпей тастайды. Бубеннің және ондағы сылдырмақтардың даусы шаманның шекпеніне тұс-тұстан салпылдата ілінген түрлі темір-терсектердің шылдырына қосылғанда адамның басы мәңгіріп, екі құлағы тұнып қалады, шаманға керегі де осы».
ДАНГЫРА – древний казахский ударно-шумовой инструмент с громким звуком. Это круглое кольцо обтянутое с одной стороны кожей, а изнутри прикреплены кольца и подвески. Дангыра является неотъемлемой частью шаманских традиций.Есть несколько схожих инструментов с дангырой. Например, у чувашей – хангрма, у алтайцев и калмыков – дунгурма, у киргиз и тувинцев – дунгур, у узбеков – дойра, у уйгур – дап.В статье «Шаманизм и шаманы» полностью описывается, какой издаёт звук дангыра с металлическими подвесками. Из статьи: «Прикреплённые изнутри ржавые десять подвесок настолько сильно издают громкий звук, что не слышно и удара, и тенор шамана. Когда к звукам бубна и подвесок присоединялись звон железных предметов, прикреплённых к одежде шаман, человек впадал в беспамятство и в ушах закладывает – это то состояние нужное шаману».
Адырна – сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.