АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ (1845-1904). Ұлы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, композитор Абай Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы бөктерінде дүниеге келген. Шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етіп, қазақ әдебиетін жаңа деңгейге көтерген Абай Құнанбайұлы ұлттық музыкада да үлкен із қалдырды. Академик Ахмет Жұбанов: «Абай қазақ музыкасынан ерекше орын алады. Абай әндерінің мелодикасы, ырғағы, формасы өзіне дейінгі келген қазақ әндеріне ұқсамады. Абай әндерінің әрқайсысының өзіне меншікті өлеңі болды. Бұл жәй – музыка мен сөздің кәсіпқойлық дәрежеде қосылуы болды. Осының өзі айта қалғандай жаңалық. Абай музыка шығаруға сөз арқылы келді» деп баға берді. Ақын «Көзімнің қарасы», «Не іздейсің, көңілім», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Татьянаның хаты», «Сегізаяқ» сияқты бірнеше әні арқылы халықтық музыкаға жаңалық әкелді. Сонымен қатар, ұлы ақынның домбыраға арналған бірнеше күйі бар. «Май түні», «Майда қоңыр», «Торы жорға», «Абайдың желдірмесі» күйлері мен әндерінен өзара үндестік байқалады. Абай бірнеше саз аспабын жасатқан. Өзінің төл ұрпақтары мен айналасындағы әнші-күйші, ақындарға арнап бірнеше домбыра жасатып сыйға берген. Ақынның жеке домбырасы – үш ішекті, 8 пернелі, қалақша пішінді музыкалық аспап. Дыбыс ойығының саны – он, қоңыр түсті. Домбыраны Абай мен ақынның ұлы Ақылбай қолданған. Кейін жәдігер мұра ретінде Ақылбайдың ұлы Исраилға қалды. Ұлы ақынның немересі Исраил бұл домбырамен облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі байқауларға қатысып жүрді. 1959 жылы Исраил дүние салып, кейіннен қыздары жәдігерді Семейдегі Абай Құнанбайұлының әдеби-мемориалдық музейіне тапсырған. Ал 1981 жылы Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қорына алынды. Абай домбырасының осы түпнұсқасынан басқа 4 көшірмесі жасалған.
АБАЙ КУНАНБАЙУЛЫ (1845-1904). Великий поэт, просветитель, основатель письменной казахской литературы и литературного казахского языка, композитор Абай Кунанбайулы родился в 1845 году у подножия горы Шынгыс в Восточно-Казахстанской области. Основным мотивом его произведений были социальные, общественные, моральные проблемы казахского народа. Он поднял на новый уровень казахскую литературу и оставил неизгладимый след в народной музыке.
Академик Ахмет Жубанов пишет: «Абай занимает особое место в казахской музыке. Мелодика, темп, форма песен Абая отличается от предыдущих казахских песен. У каждой его песни был отдельный стих. Это было просто слиянием музыки и текста на профессиональном уровне. Это уже новизна. Абай пришёл к композиторству посредством слов».
Такие песни Абая, как «Көзімнің қарасы», «Не іздейсің, көңілім», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Татьянаның хаты», «Сегізаяқ» были новыми в народной музыке. Также, у великого поэта имеется несколько кюев для домбры. Прослеживается некая связь кюев «Май түні», «Майда қоңыр», «Торы жорға», «Абайдың желдірмесі» с песнями.
Абай заказал несколько музыкальных инструментов, затем дарил их певцам-исполнителям, поэтам в его окружении. Личная домбра Абая – трёхструнный, 8-ладовый, совкообразной формы музыкальный инструмент. Имеет десять звуковых отверстий, коричневого цвета. Домброй пользовались Абай и его сын Акылбай. Затем как наследство, перешла к сыну Акылбая Исраилю. Внук великого поэта Исраил участвовал с этой домброй в областных, республиканских конкурсах. В 1959 году после смерти Исраила его дочери передали наследие в литературно-мемориальный музей Абая в Семее. Начиная с 1981 года домбра находится в Музее народных музыкальных инструментов имени Ыхласа. На основе этого оригинального инструмента были сделаны 4 его копии.
Адырна – сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.