Ақын, жазушы, философ, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Ұлы ақын Абайдың замандасы әрі інісі Шәкәрімнің қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. Оның әндері А.В.Затаевичтің жинақтарына енді. Сонымен қатар, Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсында Шәкәрімнің шығармалары пайдаланылды. Шәкәрімнің «Жиырма үш жасымда», «Жылым - қой, жұлдызым - шілде», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Мұтылғанның өмірі», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл», «Байғазы» сынды әндері танымал. Шәкәрім Құдайбердіұлының домбырасы – екі ішекті, 13 пернелі, қалақша пішінді музыкалық аспап. Шанағы тұтас қарағайдан шауып жасалған, дыбыс ойығы үш бұрыш формасында. Шәкәрім қайтыс болған соң, аспап оның ұлы Ахаттың қолында қалған. Ахат қарттан Семейдегі бір мұғалімге, кейіннен ол мұғалімнен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректорына өткен. Өз кезегінде оқу орнының басшысы аспапты Шәкәрім өнерінің жанашыры болып жүрген меценат Медғат Құлжановқа табыстайды. Медғат Кәрімұлы 2019 жылы жәдігерді Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне өткізді.
Поэт, писатель, философ, композитор Шакарим Кудайбердиулы родился в 1858 году у подножия горы Шынгыстау Абайского района Восточно-Казахстанской области. Современник и племянник Абая Шакарим написал глубокие, лирические стихотворения, поэмы «Калкаман-Мамыр», «Енлик-Кебек», «Нартайлак-Айсулу», роман «Адиль-Мария», а также много других прозаических произведений, переводы, труды по истории и философии, мелодичные песни. Его песни вошли в сборники А.В. Затаевича. Также, песни Шакарима стали мотивом произведений казахских композиторов. В первой части сюиты Ахмета Жубанова «Абай» и в совместной опере А.Жубанова и Л.Хамиди «Абай» были использованы произведения Шакарима. Обрели популярность его песни, среди которых «Жиырма үш жасымда», «Жылым – қой, жұлдызым – шілде», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Мұтылғанның өмірі», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл», «Байғазы». Домбра Шакарима Кудайбердиулы – двухструнный, 13-ладовый инструмент совкообразной формы. Сделан из цельного куска сосны. Звуковое отверстие треугольной формы. После смерти Шакарима его домбра была у его сына Ахата. Затем она перешла от него к одному учителю, а от него попала в руки ректора Государственного университета имени Шакарима в Семее. В свою очередь, ректор вуза вручил домбру меценату Медгату Кулжанову, который высоко ценит творчество Шакарима. Медгат Каримович в 2019 году передал инструмент в фонд Музея народных музыкальных инструментов имени Ыхласа.
A poet, writer, philosopher, composer Shakarim Kudaiberdiuly was born in 1858 in the foothills of Mount Shyngys, Abai district of the East-Kazakhstan region. A contemporary and nephew of Abai Shakarim wrote deep, lyrical poems such as “Kalkaman-Mamyr”, “Enlik-Kebek”, “Nartailak-Aisulu”, the novel “Adil-Mariya”, as well as many other prose works, translations, works on history and philosophy, melodious kuis. His songs were included in A.V.Zataevich’s collections. And Shakarim's songs became the motive for the works of Kazakh composers. In the first part of Akhmet Zhubanov’s suite “Abai” and in the joint opera of A.Zhubanov and L.Hamidi “Abai”, the compositions of Shakarim were used.His songs “Zhiyrma ush zhasymda”, “Zhylym-koi, zhuldyzym-shilde”, “Korkyttyn saryny”, “Korkyt, Khozha Khafiz tusime endi de”, “Anadan algash tuganda”, “Suragan zhanga salem ait”, “Oiladym bir soz zhazaiyn da”, “Mutylgannyn omiri”, “Sen gylymga bolsan yntyk”, “Konil”, “Baigazy” are very popular.Shakarim Kudaiberdiuly’s dombyra is a two-stringed, 13-frets, shovel-shaped musical instrument. The body was made from a single piece of pine. Sound hole is triangular shape. After the death of Shakarim the instrument was left to his son Akhat. From Akhat was given to one teacher, then from teacher the dombra fell into the hands of the rector of Shakarim State University in Semei. In turn, the rector of the university presented dombra to patron of art Medgat Kulzhanov, who appreciates Shakarim’s work. In 2019 Medgat Karimuly transferred the instrument to the Museum of folk musical instruments named after Ykhlas, located in Almaty. Today the instrument is stored in the mentioned museum.