Адырна – сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.
Гиджак – өзбек, тәжік, қарақалпақ, ұйғыр халықтарының ішекті-ыспалы музыкалық аспабы. Гиджактың құрылысы Әзірбайжан, Иран, Арменияда кең таралған парсы кеманчасына ұқсас.
Аспап корпусы – шар тәрізді, дәстүр бойынша, асқабақтың арнайы сұрпынан, ағаш немесе басқа да материалдан (мысалы, ірі кокос жаңғағы) жасалып, бетіне тері қапталады. Аспапты ХІ ғ. Парсы елінің ұлы ғалымы, дәрігер әрі философ, музыкалық аспаптар туралы ғылымның (аспаптану) негізін салған, сол кезде болған барлық дерлік аспаптың сипаттамасын беріп, жіктеген Әбу Әли ибн Сина ойлап тапқан деп есептейді.
Заманауи гиджак – ыспалылар тобындағы дыбыс көлемі ең жоғары аспап. Техникалық мүмкіндіктердің молдығы мен мәнерлілігі арқасында гиджак бүгінде оркестрдің жетекші аспаптарының бірі. Оның альт, бас, контрабас, прима атты түрлерін ажыратады.
Rubob is a traditional plucked stringed musical instrument of the Uyghur people. Its strings are traditionally made from silk threads or gut, though modern versions may use metal strings. The front of rubob is typically covered with animal skin, which gives the instrument its distinctive warm and resonant tone.
Rubob plays a central role in the famous traditional Uyghur musical cycles known as "The Twelve Muqam". In addition, it is widely used in dance melodies, love songs and musical performances in drama theaters.
Rubob is considered a cultural symbol of the Uyghur people — a musical bridge that expresses their poetic soul, history and spirit. It serves as a melodic chronicle, passing down the richness of Uyghur artistry from generation to generation.
Рубоб – ұйғыр халқының дәстүрлі, көп ішекті, шертпелі музыкалық аспабы. Ішектері жібек жіптен, ішек талшықтарынан немесе қазіргі уақытта металдан жасалады. Рубобтың беті көбінесе жануар терісімен қапталады, бұл оған ерекше қоңыр үн береді.
Рубоб «Он екі мұқам» деп аталатын ұйғырлардың атақты дәстүрлі музыкалық циклдерінде басты аспаптардың бірі ретінде қолданылады. Сонымен қатар би әуендері, махаббат жырлары, драма театрларындағы музыкалық қойылымдарда кеңінен пайдаланылады.
Рубоб – ұйғыр халқының мәдени коды, олардың нәзік жанын, поэзиясын, тарихы мен рухын жеткізетін әуенді көпір. Бұл аспап ұйғыр өнерінің байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін музыкалық шежіре іспетті.