Адырна

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.

Дутар

Дутар – ішекті-шертпелі аспап. Оның жалпы ұзындығы шамамен 90 см. Өзбек, тәжік дутарларынан айырмашылығы – түркмен дутарының өлшемдері кішірек, корпусы ойып жасалған, мойны салыстырмалы түрде қысқа.

Дутар – түркмендердің халықтық аспабы, халық жыршылары – бахшилердің серігі. Бұл аспапта ән сүйемелдейді, түрлі аспаптық шығармалар мен дутарға арналған туындылар орындалады. Бахшилер бірнеше сағатқа созылатын, проза мен поэзиясы кезектесіп келетін шығармалар – дастандарды осы дутармен орындайды.

1940 жылдары Түркмен мемлекеттік халық аспаптары оркестрінде квартаға келтіріліп, плектрмен ойналатын бас дутарлар енгізілді.