Адырна

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.

Саз

Саз – тамбурлар қатарындағы лютня типтес аспап. Кавказ, Иран, Ауғанстан, Түркия және өзге Шығыс елдерінде, сонымен қатар татарлар мен башқұрттар арасында кең таралған. Әзірбайжан ашугтарының (әнші-ақындар) дәстүрлі аспабы. Саздың ізашары деп сетар мен пішіні ұқсас дутар есептеледі. Барлық саз аспаптарына ортақ белгілер: алмұрт пішіндес корпус, қозғалмалы пернелердің болуы, ағаш резонатор (тері мембрананы қолданбау), жұп немесе үшем ішектер, плектрмен дыбыс шығару. Саз 3 бөліктен тұрады: алмұрт пішінді корпус, мойын және бас. Басқа ішектерді реттейтін құлақтар тағылады.  

Tar

Tar (from the Persian word meaning «string» or «thread») is a plucked stringed musical instrument. Its exact origin is uncertain, but it is believed to have emerged within the territory of the Persian Empire. Tar is widely used across Azerbaijan, Armenia, Afghanistan, Iraq, Iran, Turkey, Tajikistan, Uzbekistan and other countries in the Middle East. Tar has played a central role in shaping the classical musical traditions of Azerbaijan and Iran, becoming one of the key instruments influencing their musical identity.

On December 5, 2012, the art of crafting and performing on the Azerbaijani tar was inscribed on UNESCO’s Representative List of the Intangible Cultural Heritage of Humanity.

Tar instruments crafted by Azerbaijani masters have been showcased in countries such as Turkey, Iran, India, France and the Netherlands, and some are preserved in world-renowned museums. Without tar, Azerbaijani folk and professional music would not have reached its current heights. It is through this instrument — and especially through mugham, the classical improvisational genre closely tied to the tar — that Azerbaijani music gained international recognition.

Тар

Тар (парсы сөзі, «ішек», «жіп») – ішекті-шертпелі музыкалық аспап. Аспаптың алғаш жасалған жері нақты белгісіз, шамамен Парсы империясының аумағы. Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Ирак, Иран, Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан және Таяу Шығыс елдерінде таралған. Тар Әзірбайжан мен Иранның дәстүрлі музыкасындағы классикалық музыканың жалпы тенденцияларына ықпал еткен негізгі аспап болып табылады.

2012 жылдың 5 желтоқсанында Әзірбайжанның тарда ойнау өнері мен аспап жасау шеберлігі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енгізілді.

Әзірбайжан шеберлерінің қолынан шыққан тар аспаптары бірнеше рет Түркия, Иран, Үндістан, Франция, Голландияда халық назарына ұсынылды. Кейбірі әлемнің алдыңғы қатарлы музейлерінде сақтаулы. Тар аспабынсыз Әзірбайжанның халықтық кәсіби музыкасы бүгінгі жетістіктерге жете алмас еді. Нақ осы аспап және тармен байланысты мугам өнері арқылы әзірбайжан халық музыкасы бүкіл әлемге әйгілі болды.