Адырна – сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.
Ертеректе қазақ арасында тараған аспаптың бірі – шертер, үш ішекті, шертіп ойнайтын аспап. Шертердің құрылысы мен формасы негізінде домбыраға ұқсас болған, мойны қысқа, қыл ішек тағылған, көлемі қобыздай. Қырғыздың комузы секілді шертер де пернесіз. Семей облысында кездесетін домбыралардай үш ішекті, беті қобыздағыдай көн терімен қапталған.
Қазіргі шертер аспабы жетілдірілген: аспаптың мойнына перне тағылып, көлемі де үлкейтіліп, барынша жетілдірілді. Аспап көлемінің ұлғаюы дыбыс көлемінің ұлғайуына мүмкіндік берді. 1988 жылдан бастап шертер аспабы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында арнайы кәсіби дәріс беру класы болып ашылды.
Аспаптың жасалу технологиясы
Аспап үш бөліктен тұрады: шанағы, мойны және басы. Шанақта келесі элементтер орналасқан: дека, негізгі корпус, былғары мембрана, ішектерге арналған тіреуіш (көпірше), дыбыс шығатын ойық. Аспаптың төменгі бөлігінде ішектер байланыстырылатын үш түйме орнатылған. Шертердің басты ерекшелігі – деканың жартысына былғары керілгені. Терінің сапасына байланысты аспаптың үні әртүрлі шығады. Мембрана жасау үшін көбінесе ешкі мен түйе терісі қолданылады.
Sazgen is an ancient wooden musical instrument with a body stretched with leather, which is believed to have originated in the 7th–8th centuries. The name sazgen translates as «musical strings.» The instrument produces a sound similar to kobyz and narkobyz. Its body is made from wood and soft, thin, dried leather, while the strings are traditionally made from horsehair. Due to the strong energy associated with its natural materials, sazgen was revered as a sacred instrument.
According to studies on Kazakh music and the history of traditional instruments, sazgen has been relatively recently reintroduced into the Kazakh musical tradition. Revived by specialists and craftsmen, sazgen is one of the representative instruments of the Turkic peoples.
Sazgen belongs to the kobyz family. It shares similar musical capabilities, a fretless design, and playing techniques. The renowned folk craftsman and kui composer Abishakir Abuseitzhamaluly composed pieces such as «Surshekpen» and «Kuszhiren» for this instrument.
VII–VIII ғасырлар аралығында ағаштан жасалып, шанағы терімен қапталған, үш не төрт ішекті өте көне саз аспабы.
Сазген атауы «сазды ішектер» мәнін білдіреді. Аспап қобыз бен нарқобыздың арасындағы дыбысқа ұқсас, орташа дыбысты білдіреді. Аспаптың шанағы ағаштан және жұмсақ, жіңішке, құрғақ былғарыдан жасалады; ішектері жылқының қылынан жасалады. Аспап жасалатын барлық материалдардың энергетикасы жоғары болғандықтан, ол қазақ даласында қасиетті болып саналған.
Қазақ музыкасына, аспаптар тарихына бағытталған зерттеулер мен әртүрлі дерек, мағлұматтарға қарағанда, сазген аспабы қазақтың саз аспаптар қорына кейінгі кездері ғана келіп қосылған. Маман, шеберлер тарапынан жаңғырып, жаңаланған көне де байырғы аспап түп-тегі түркі жұртына тән аспаптардың біріне жатады. Бірақ, қалай болса да, сазген түркі әлеміне тән қобыз тобына жатады, онымен музыкалық мүмкіншілігі, пішін тұлғасы (пернесіздігі), ойналу тәсілі бірдей. Халық ісмері, һәм өнерпаз күйшісі Әбішәкір Әбусейітжамалұлы осы саз аспабымен «Сұршекпен», «Құсжирен» атты күйлерін шығарған.