Адырна

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.

Екі жақты домбыра

Екі жақты домбыра – домбыраның бір түрі. Оның әр жағында екіден ішек керілген, сондықтан оны төрт ішекті деп те атайды. Бір жағында «теріс бұрау», екінші жағында «оң бұрау» күйіне келтіріліп ойнайды, бұл орындаушыдан жоғары шеберлікті талап етеді.

Ертеде мұндай домбыра күйшілердің жарыстарында қолданылған. Домбырашылар арасында ол «аша», «әмбебап», «қос бет» деген атаулармен белгілі болған. Бұл домбыраны көбінесе солақайлар қолданған. Шанағы тікбұрышты пішінде болып келеді, қалыңдығы 5–7 см, ұзындығы — шамамен 85 см.

Ushem dombra

Ushem dombra is one of the rare and unusual traditional Kazakh musical instruments. This type of dombra is distinguished by its unique body shape: it is carved from a single piece of wood and consists of three separate, rounded (spherical) sections. These parts are connected seamlessly, forming a single unified structure. This gives the instrument its distinctive acoustic properties - the sound it produces is deep, warm, and rich with natural echo. Ushem dombra is typically made from dense hardwood, such as beech. Beech wood provides durability and contributes to the high-quality resonance of the instrument.

Playing ushem dombra requires a high level of skill and dexterity, as its shape and resonating structure differ from the standard dombra. For this reason, ushem dombra primarily attracts professional musicians and researchers interested in exploring its sound and construction.

Үшем домбыра

Үшем домбыра – қазақтың сирек кездесетін ерекше ұлттық музыкалық аспаптарының бірі. Бұл домбыра тұтас ағаштан ойылып, үш бөлек, шар тәрізді (домалақ) бөліктен тұрады. Бұл бөліктер біртұтас құрылымға біріктіріліп, аспапқа терең, қоңыр әрі жаңғырықты дыбыс береді. Үшем домбыра көбінесе қатты ағаштан, мысалы бук ағашынан жасалады, бұл оның беріктігі мен дыбыс сапасын арттырады. Ойнауы қиын әрі ерекше шеберлік талап ететін аспап болғандықтан, ол негізінен кәсіби орындаушылар мен зерттеушілер арасында танымал.