Адырна

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.

Домбыра

Қазақ халқының музыкалық аспаптарының ішінде шоқтығы биік, ерекшелігімен дара көрінетін аспабы – домбыра. Домбыра – бірнеше бөліктен тұрады. Олар: басы (алақан деп те аталады), құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, тиек (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек) және ішектер. Домбыраның бөліктеріне келетін болсақ, бұлардың да өзіне тән жеке атаулары болған. Мәселен, домбырада үш тиек болады: біріншісі – ішек бекітілетін, шанақтың түбіне орналасқан «өкше тиек» («кепіл», «түйме» деген қосалқы аттары бар). Екіншісі – шанақтың үстінде тұрып, ары-бері жылжытылатын негізгі тиек, жай ғана «тиек». Үшіншісі – мойын мен құлақтың ортасында тұрған «табалдырық тиек» («шайтан тиек» деп те аталады).

Домбыраның түрлері. Қазақтың домбырасы бұрын тұтас ағаштан шауып жасалған. Ертедегі домбыралардың жасалуы, пішіні әртүрлі болған. Қазақ халқында домбыра аспабында күй тартудың негізгі екі жүйесі қалыптасқан: Төкпе күйшілік дәстүр (Батыс Қазақстан аймағы), шертпе күйшілік дәстүр (Шығыс Қазақстан аймағы). Осыған орай қазақтарда домбыраның ең кең тараған екі түрі бар. Олар – Батыс Қазақстан, Түркіменстан, Қарақалпақстан, Өзбекстан, Ауғанстан жеріне кең тараған қауақ (жұмыр шанақ) домбыра және Алтай-Тарбағатай, Жетісу мен Сарыарқа, Қаратауға тараған қалақ домбыра. Батыс домбырасының негізгі өзгешелігі – шанағы үлкендеу, мойны жіңішке, тұрқы ұзындау келсе, шығыс домбырасының мойны жуандау, әрі қысқарақ болады. Жетісу домбырасының пішіні қырғыздардың қомузына, Маңғыстау домбырасы түркімен дутарына, Шығыс Қазақстан домбыралары алтай топшурына ұқсас келеді.

Kossaz

Kossaz is a rare ethnographic type of the dombra. It is carved from a single piece of wood and features five strings. The instrument has two resonator bodies: one is covered with a wooden soundboard, while the other is covered with leather; in some versions, both sides are enclosed with wood.

Playing the kossaz requires great skill and precision, which may explain why this instrument—also known as the double dombra or double-bodied dombra—is extremely rare today. The kossaz has been tested and approved by renowned musicians such as: Nurgisa Tlendiev – National Hero, composer, dombra player, and kui performer, Karshyga Akhmediyarov and Baltabai Kabylanov – famous dombra virtuosos.

Among the people, it is also referred to as kossaz, kos shanak, or kos moiyn dombra (meaning “double body” or “double-neck dombra”). The crafting process is complex and requires hard woods such as oak, rowan, birch, or beech.

Қоссаз

Қоссаз – домбыраның сирек кездесетін этнографиялық түрі. Аспап тұтас ағаштан ойылып, бес ішекпен жасалады. Екі шанағының бірі – ағаш қақпақпен, екіншісі – терімен жабылады; кейде екеуі де ағашпен қапталады.

Қоссазда ойнау өте күрделі, орындаушыдан жоғары шеберлік талап етеді. Осы себепті ол халық арасында сирек кездеседі. Аспапты Нұрғиса Тілендиев, Қаршыға Ахмедияров, Балтабай Қабыланов сияқты шеберлер сынақтан өткізген. Қоссаз халық арасында «қоссаз», «қос шанақ», «қос мойын домбыра» атауларымен де белгілі. Аспапты жасау технологиясы күрделі. Ол үшін емен, шәген, қайың, бук тәрізді қатты ағаштар қолданылады.