«ALMA FEST – 2025» АЛМА ФЕСТИВАЛІ

21 қыркүйек күні Қала күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «ALMA FEST – 2025» фестивалі кең көлемде аталып өтті.  Фестиваль Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында ұйымдастырылып, алматылықтар мен қала қонақтары үшін нағыз мерекеге айналды. Саябақ бұл күні молшылықтың, ұлттық салт-дәстүрлер мен қала мәдениетінің тоғысқан кеңістігіне айналып, түрлі-түсті жәрмеңкелер мен мәдени іс-шаралардың ордасы болды.

Алматылықтар және қала қонақтары үшін Алматы қаласы музейлер бірлестігі қорындағы Алматы қаласының суреттерінен фотокөрме ұйымдастырылды.

 

Сонымен қатар, фестиваль аясында 2-17 қыркүйек аралығында өткен «Мен Алматы тарихын білемін» қалалық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Биыл байқауға 300-ден аса өтініш қабылданды және бұл көрсеткіш оқушылардың қалаға және қала тарихына деген қызығушылығының жылдан-жылға артып келе жатқанын көрсетеді.

Байқаудың 3-орын иегері – №210 лицейдің 11-сынып оқушысы Марат Аяулым Ғаниқызы (3-орын иегеріне планшет);

2-орын иегері – №5 гимназияның 10-сынып оқушысы Олжас Арсен (2-орын иегеріне смартфон);

1-орын иегері – «Достар» халықаралық мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Самолкина Алена Дмитриевна марапатталады. (1-орын иегеріне ноутбук)

 

Фестивал аясында алма жәрмеңкесі, этноаймақ, қолөнер және гастрономиялық алаңдар, ашық аспан астындағы кинотеатр және басқа да қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Alma Fest» – музыка, дәстүр, гастрономия және ашық аспан астындағы отбасылық демалысты тоғыстыратын күздің ең жарқын оқиғаларының бірі.