Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі 2026 жылғы 1 наурыздан бастап жаңа жұмыс режиміне көшті.

Музей сейсенбі–сенбі күндері сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Дүйсенбі – санитарлық күн.

1981 жылы құрылған музей Орталық Азиядағы тек музыкалық аспаптарға арналған алғашқы мәдени мекемелердің бірі және Қазақстандағы бірегей музей болып саналады. Қазіргі таңда музей 9 экспозициялық залдан тұрады: 5 зал қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарына, 4 зал әлем халықтарының музыкалық аспаптарына арналған.

Жұмыс уақытының ұзартылуы музейдің мәдени кеңістігін жаңа деңгейге көтереді. Енді күндіз жұмыстан босай алмайтын жандар кешкі және түнгі уақытта рухани демалысқа мүмкіндік алады. Бұл өзгеріс келушілер санын арттырып қана қоймай, отандық және шетелдік туристер үшін кешкі мәдени бағдарларды кеңейтеді.

 

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі Зенков көшесі, 24а мекенжайында орналасқан.