Күйші-композитор, дирижер, дәулескер домбырашы, Қазақстанның Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиев 1925 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылында дүниеге келген. Нұрғиса Тілендиевтің қазақ музыкасы тарихында алатын орны зор. Ол композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырды. Нұрғиса Тілендиев – 500-ден астам музыкалық туындының авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы тым кең: олардың ішінде ән, күй, романс, увертюра, контата, поэма, опера, балет бар. Сонымен қатар, талантты композитор 1980 жылы Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрін ұйымдастырды. Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау», «Әлқисса», «Арман», «Ата толғауы», «Аққу», «Көш керуені», «Фараби сазы», «Алатау», «Ақ құсым» сияқты көптеген шығармалары қазақ музыкасының алтын қорын байытып, ұлттық мәдениетіміздің жауһарлары қатарына қосылды. Нұрғиса Тілендиевтің домбырасы – екі ішекті, жұмыр шанақты музыкалық аспап, түсі – қоңыр. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында фабрикалық үлгіде жасалған. Үнемі құлақ күйі «соль» нотасында бұралып ойналған бұл домбырамен киноға, спектакльдерге, мультфильмдерге көптеген музыкалық шығармалар жазылды. 2011 жылы композитордың жұбайы Дариға Тілендиева жәдігерді Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне тапсырды.
Кюйши-композитор, дирижер, талантливый домбрист, Народный герой Казахстана Нургиса Тлендиев родился в 1925 году в селе Шиликемер, Илийского района, Алматинской области.Нургиса Тлендиев занимает особое место в истории казахской музыки. Он оставил после себя неугасимый след как композитор, дирижер, исполнитель. Он автор более 500 музыкальных произведений. Жанр этого богатого наследия разнообразен: там присутствуют песня, кюй, романс, увертюра, контата, поэма, опера, балет. 1980 году талантливый композитор организовал Казахский академический фольклорно-этнографический оркестр «Отырар сазы». Такие произведения Нургисы как «Саржайлау», «Әлқисса», «Арман», «Ата толғауы», «Аққу», «Көш керуені», «Фараби сазы», «Алатау», «Ақ құсым» обоготили золотой фонда казахской музыки и дополнили ряд жемчужин народной культуры.Домбра Нургисы Тлендиева – двухструнный музыкальный инструмент каплевидной формы. Цвет – коричневый. Сделан в 50-60-хх гг. ХХ века по фабричному образцу. Именно с этой домброй, колки которой всегда настроены на «соль», были написаны музыкальные произведения для кино, спектаклей и мультфильмов.Наследие передала в Музей народных музыкальных инструментов имени Ыхласа жена композитора Дарига Тлендиева в 2011 году.
Адырна – сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.