ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қызметкерлері жоғары марапаттарға ие болды.

Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты музейлерде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай дәстүрлі «Музей түні – 2026» акциясы өтеді.

«Музей түні - 2026» акциясы аясында Бірлестікке қарасты музейлерге 2026 жылдың 18 мамыр күні сағат 10:00-ден түнгі 00:00-ге дейін кіру тегін болады, ал 18:00-ден бастап түнгі 00:00-ге дейін музей қонақтары үшін арнайы шаралар ұйымдастырылады.

Алматы метробекеттерінде фотокөрмелер

Наурыз мейрамы аясында 21-23 күндер аралығында Алматы метрополитенінің бекеттерінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен фотокөрмелер көрермен назарына ұсынылды.

Наурыз мейрамын тойлау аясында мегаполис аймағында жүзден астам киіз үй орнатылды.

Ерекше назар Астана алаңында орналасқан негізгі тақырыптық киіз үйлер болды.