ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қызметкерлері жоғары марапаттарға ие болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК қарасты А. Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі Райхан Сахыбекқызы Имаханбет «Құрмет» орденімен наградталды.

Сонымен қатар, А. Байтұрсынұлы музей-үйінің ғылыми қызметкері Шара Әбікенқызы Боздақова «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Ал ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет» грамотасымен «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК қорларды сақтау және есепке алу бөлімінің қор сақтаушысы Алмас Сатыбалдыұлы Сейсекенов марапатталды.

Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаты «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері Найля Пангереевна Чулаковаға және Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің экскурсия жетекшісі Арна Бақытқызы Бекболатоваға табысталды.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!