Адырна

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.

Асатаяқ

Асатаяқ – қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Асатаяқты абыздар мен бақсылар ұстанған. Бақсылар асатаяқты қылқобыз бен дауылпаз үніне қосып қолданатын болған. Асатаяқ туралы деректер
Г.М. Броневский, П. Бекетов, Р.А. Пфеннинг, Ш. Уәлиханов, Б. Сарыбаев т.б. зерттеуші-этнографтардың еңбектерінде кездеседі.Асатаяқ қазіргі кезде «Отырар сазы», «Сазген», «Шертер» т.б. музыкалық фольклорлық-этнографиялық оркестрлер мен ансамбльдерде қолданады.

Аспаптың жасалу технологиясы
Асатаяқтың жасалу тәсіліне қарай «күмбезді», «жалпақ басты», «ай басты», «жылан басты», «сопақша», «қалақша», т.б. болып келеді. Оларды ырғақтатып, сілкіп, шайқап ойнайды. Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың, долана сияқты қатты ағаштардан жасалады. Бетіне әр түрлі шулы дыбыс беретін темір салпыншақтар, сақиналар, шығыршықтар тағылады.

Dudyga

Dudyga is a traditional percussion and noise-maker musical instrument of the Kazakh people. Historically, it was used by military commanders and batyrs (warriors) during military campaigns.

In Kazakh oral literature, it is mentioned in lines such as:
«Dudyga kagyp, syrnaiyn tartyp» («Beating the dudyga, playing the syrnai») and «Dudyga silkip kagaiyn, dushpanga oiran salaiyn» («Let me shake and strike the dudyga, to bring ruin upon the enemy»).

Construction of the Instrument
Visually, the instrument resembles a buckle. It consists of a long handle and an octagonal oval-shaped body. Oak pendants are attached to the outer side with rawhide straps. The craftsmanship involved in making a dudyga is complex, that is why it is rarely found in everyday life. Tanned hide (often goatskin) is stretched over the wooden body, and small rattles are fixed inside. The outer body and handle are decorated, with small oak pendants added. When shaken, these pendants strike the leather surface, creating a sound that resembles multiple dauyl drums being played at once.

Дудыға

Дудыға – қазақтың соқпалы-шулы музыкалық аспабы. Әу баста бұл аспапты әскербасылар мен батырлар жорық кезінде ұстайтын болған.

Бұл туралы ауыз әдебиеті үлгілеріндегі: «Дудыға қағып, сырнайын тартып» немесе «Дудыға сілкіп қағайын, Дұшпанға ойран салайын», – деп келетін жыр жолдарынан аңғарылады.

Аспаптың жасалу технологиясы
Дудығаның сырт пішіні кәдімгі ұршыққа ұқсас келеді, қолға ұстауға ыңғайлы ұзын сабы, сапқа бекітілген сегіз қырлы, күмбезді сопақша шанағы, шанақ сыртында қайысқа байланған, қатты ағаштан жасалған салпыншақ түймелері болады. Аспап шанағы малдың (көбінесе ешкі) шала иленген жұқа терісімен қапталады, шанақ ішіне ұсақ сылдырмақтар ілінеді. Сап пен шанақ сыртқы әшекейленіп, басына шашақ тағылады. Сілкіп ойнаған кезде тұтқасының екі жағына ілінген қаққыштары ерсілі-қарсылы керілген көнге соғылып, құдды бірнеше дабыл дүңкілдеп тұрғандай дыбыс шығарады.