Алматы музейінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Экспозицияға Алматы музейі қорынан қазақ өнерінде дара із қалдырған тұлғалардың жеке заттары қойылды.
Көрме аясында ұлттық өнер мен сахна мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті қайраткерлердің шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, қазақ өнерінің жарық жұлдыздары – Хадиша Бөкеева, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Джаманова, Мадина Ералиева және Сауле Жанпейісова сынды өнер майталмандарының жеке заттары, концерттік және сахналық костюмдері, архивтік фотосуреттері, құжаттары мен портреттері көпшілік назарына ұсынылды.
Көрменің салтанатты ашылуына зиялы қауымдар өкілдері, өнер қайраткерлері, ЖОО студенттері, БАҚ өкілдері және Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Көрме 12 наурызға дейін жалғасады.
Қабанбай батыр көшесі, 132





.png)