«Бірлігі жарасқан ел»: Алматы музейінде этнос өкілдерінің мұрасы таныстырылды

2025 жылдың 5 қыркүйек күні Алматы музейінде Қала күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлігі жарасқан ел» көрмесінің ашылуы өтті.

Көрме қаламыздың этномәдени бірлестіктерімен бірлесе ұйымдастырылған.

Экспозицияға түркмен, қарақалпақ, ұйғыр, күрд, азербайжан, армян, ауған, шешен, орыс, дүнген, корей және Африка халықтарының ұлттық киімдері, музыкалық аспаптары, сәндік-қолданбалы өнер туындылары және тағы да басқа құнды жәдігерлері қойылды. Экспонаттар этномәдени бірлестіктер мен Алматы музейінің қорынан алынды.

Көрменің ашылу салтанатына қаладағы этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері, белсенділері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Көрме әр этностың бай мұрасы мен ерекшеліктерін көрсете отырып, ортақ құндылықтарымызды паш етуге және бірлігімізді арттыруға бағытталған.

Көрме қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.