Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды эко акция өткізілді

Жеңіс күніне арналған сенбілікке 50 мың алматылық шықты: 439 ағаш отырғызылды, 10 мың текше метр қоқыс жиналды.
Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған ауқымды жалпықалалық экоакция өтті. Іс – шара «Таза Қазақстан» және «Алматы-біздің ортақ үйіміз» бағдарламалары аясында 50 мыңнан астам қала тұрғындарын, бизнес өкілдерін, мәслихат депутаттарын, спортшыларды, әртістерді біріктірді.
Акцияның негізгі іс-шаралары қаланың сегіз ауданының әрқайсысында өтті. Акцияға 1 мыңнан астам техникамен қамтамасыз етілген коммуналдық қызметтердің 2 мыңнан астам қызметкері қатысты. Алматы әкімдігі қатысушыларға қажетті құрал-жабдықтарды: қолғап, сөмкелер, күректер мен тырмаларды, сондай-ақ көгалдандыру үшін ағаш көшеттерін ұсынды. Барлығы «Жеңіс» фирмалық кепкаларын, футболкаларын және естелік ленталарын алды, бұл іс-шараға ерекше бірлік пен патриотизм атмосферасын берді.
Бұл күні қала бойынша 16 жерде 439 ағаш отырғызылды.   Бұл жұмыс аясында отырғызудың заманауи әдістері мен технологиялары қолданылады, ағаштарды қолдау үшін қайың діңдерінің тіректері, жапырақты ағаштарға арналған базальды суару жүйелері орнатылады.
Іс-шараларға бизнес өкілдері, мектепоқушылары, колледждер мен университеттердің студенттері, мәслихат депутаттары, спортшылар, әртістер, жалпы алғанда 50 мыңнан астам қала тұрғындары қатысты.