Екінші Дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай, 2025 жылғы 5 мамыр күні Әскери-тарихи музейінің ашық аспан астындағы экспозициясының салтанатты ашылуы өтті.

Ашық аспан астындағы музейде Алматы тұрғындары мен қала қонақтары аңызға айналған Т-34 танкін, БМ-13 «Катюша» реактивтік зеңбірегін, 1939 жылғы үлгідегі АЗП-37 зениттік қаруын және Қарулы Күштер тарихында маңызды рөл атқарған 28 әскери техниканы тамашалай алады.
Жаңа экспозиция 28 Гвардияшы Панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан.