Алматыда Наурыз мейрамы кең ауқымда тойланды

Алматы қаласында ашық аспан астында бірнеше ауқымды концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен түрлі іс-шаралар «Көктөбе» саябағында, Абай алаңында, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде, Арбатта және Астана алаңында өтті.

Сонымен қатар, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына Алматы қаласы тарихы музейінің қорынан алынған жәдігерлермен жабдықталған дәстүрлі киіз үй көрсетілді.
Бұдан бөлек, Қырым Алтынбековтың «Сақ мәдениеті» археологиялық артефактілер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «Алтын адам», Ұржар абыз әйелі, Тақсай ханшайымы, Берел ат әбзелдерінің әшекейлері қойылды.
Келесі киіз үйде «Ұлттық киімдер» тақырыбында Айжан Абдубаитованың алтын жіппен тігу «зерлеу» әдісінде орындалған ұлттық нақыштағы авторлық туындылары көрсетілді.

Жалпы көрмелердің қатарын Зейнелхан Мұхамеджанның «Біз кесте» техникасында орындалған жұмыстары толықтырды.
Сондай-ақ Елена Тёның ұлттық стильде орындалған суреттері қойылды. Бұл көрмеде Алматының табиғат сұлулығы мен әсемдігін ерекше бейнелейтін туындылар ұсынылды.