БІРЖАН ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ (1834-1897).

Әйгілі әнші-композитор, ақын Біржан сал Қожағұлұлы 1834 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген. Қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтерген ірі тұлға. Академик Ахмет Жұбанов: «Біржан – қазақтың халықтық музыка мәдениетінің алыбы. Оның әндерінің құндылығы, идеялық көркемдік мазмұны, тереңдігі, форма жағынан мүсінділігі біздің заманның музыка құрылысындағы оның алып отырған орнынан да белгілі. Оның әндері – өмірінің «жыл жазбалары» деуге болады. Өмірін демократиялық өнер жолына сарп еткен, өктемдікпен, жүгенсіздікпен әні, өлеңі арқылы күресін соңғы демі біткенге дейін жүргізіп келген өнер қайраткері, азамат Біржанның аты қазақ музыкасының тарихында алтынмен жазылады» деп баға берді. Біздің заманға Біржан салдың 60-қа жуық әні жеткен. Олардың тақырыбы әртүрлі. Оның «Айтбай», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Жонып алды», «Алтын балдақ», «Көкек», «Жанбота», «Теміртас», «Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Ақтентек» сияқты әндері дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Біржан салдың домбырасы – екі ішекті, 11 пернелі, қалақша пішінді музыкалық аспап. Мойны ұзын, шанағы тұтас ағаштан шауып жасалған. Дыбыс ойығы үш бұрышты. Зерттеушілердің пікірінше, Біржан сал Қожағұлұлы домбырасын 1885 жылы жасатып, өмірінің соңына дейін ұстаған. Дүние салар шағында Біржан сал домбырасы мен өзге де мұрасын қарындасы Хадишаға тастап кетеді. Жиені бар дүниені көзінің қарашығындай сақтап, 1943 жылы жазушы, қоғам қайраткері Әшімбек Бектасовқа табыстайды. Аманат ретінде тапсырылған жәдігерді өнер жанашыры жөндеуден өткізіп, 1981 жылы Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне өткізді.

БИРЖАН САЛ КОЖАГУЛУЛЫ (1834-1897).

Известный певец, композитор, поэт Биржан сал Кожагулулы родился в 1834 году в Енбекшилдерском районе Акмолинской области. Личность, которая подняла на новый уровень традиционное песенное искусство и народную музыку казахов.Академик Ахмет Жубанов писал о нём: «Биржан – крупная личность в казахской народной музыкальной культуре. Значимость его в современном музыкальном строе известна по ценности, идейному содержанию, глубине, изящности формы его песен. Его произведения – «летопись» его жизни. Имя деятеля культуры Биржана, который посвятил жизнь демократическому искусству и боролся с игом, невоспитанностью посредством песен, будет записано золотыми буквами в истории казахской музыки».До наших дней дошли около 60 песен Биржана. Их темы разнообразны. Его песни «Айтбай», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Жонып алды», «Алтын балдақ», «Көкек», «Жанбота», «Теміртас», «Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Ақтентек» вошли в золотой фонд казахской культуры как классические образцы традиционных казахских песен.Домбра Биржан сала – двухструнный, имеет 11 ладов, совкообразной формы. Гриф длинный, корпус сделан из цельного куска дерева. Звуковое отверстие треугольное. По мнениям исследователей, Биржан заказал домбру в 1885 году и пользовался им до конца своих дней. Перед смертью Биржан оставил свою домбру и все свое имущество в наследство своей сестре  Хадише. Его племянница хранила все его вещи как зеницу ока и в 1943 году передала их  писателю, общественному деятелю Ашимбеку Бектасову. Он реставрирует вещи, данные ему на хранение, и в 1981 году передал в музей. Домбра на сегодняшний день хранится в Музее народных музыкальных инструментов имени Ыхласа.

Адырна

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.