Адырна

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.

Адырна

Адырна - сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыда батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды.

Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.

Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оң қолмен де, сол қолмен де іліп тартып немесе шертіп ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.

Kernei

Kernei is a traditional Kazakh wind musical instrument historically used in military campaigns as a signaling tool and during ceremonial events, such as welcoming khans and military commanders. Kernei was first introduced into Kazakh orchestral music by composer Nurgisa Tlendiev, who featured it in the soundtrack for the film "Kyz Zhibek". With its booming and bold sound, the kernei resembles military instruments found throughout Central Asia. Visually similar instruments vary in name and construction: in Uzbek tradition, it is called karnai, and among the Uyghurs — surnai or nai.

The instrument is played by blowing into it while swaying side to side, producing a resonant tone. Due to its specific ceremonial and historical function, kernei is rarely used today and is mostly considered an ethnographic artifact.
Instrument Construction
Kernei was traditionally made in various forms. Its body was crafted by splitting a tree trunk in half, hollowing out the core, then smoothing and gluing the two halves back together. The instrument was then wrapped in camel esophagus for durability and resonance. Kernei has no holes and produces a natural harmonic series of notes. Its rounded bell is often decorated with horsehair fringe, which is attached using rawhide straps, giving it a distinct and ceremonial appearance.

Керней

Керней — қазақтың үрмелі музыкалық аспабы. Кернейді әскери жорықтарда атой шақырушы, хабар беруші ретінде, сондай-ақ хандар мен әскербасыларын күтіп алу салтанаттарында қолданған. Ең алғаш кернейді композитор Нұрғиса Тілендиев «Қыз Жібек» фильмінің музыкасына енгізді. Дыбысы зор керней Орта Азия халықтарында әскери музыкалық аспап ретінде кең таралған. Әр халықтың керней үлгісі ұқсас болса да, аталуы мен жасалуы өзгеше: өзбектерде – карнай, ұйғырларда – сурнай немесе най деп аталады. Музыкант кернейді жан-жағына бұрылып, қозғалып тұрып үрлеу арқылы ойнайды. Керней этнографиялық аспап ретінде бүгінгі күнде сирек кездеседі.
Аспаптың жасалу технологиясы
Керней әр түрлі көлемде жасалады. Жұмыр ағашты дәл ортасынан қақ бөліп, өзегі алынып, іші тегістеледі. Тегістелген соң екі бөлік желімделіп, сыртынан түйенің өңешімен қапталады. Дыбыс ойықтары салынбайды. Жұмырланған шанағының сырты жылқы қылынан жасалған шашақпен әшекейленеді. Шашақ арнайы дайындалған қайысқа бекітіледі.