ӘБІКЕЙ ТОҚТАМЫСҰЛЫНЫҢ ҚЫЛҚОБЫЗЫ

Әбікей қазақтың талантты күйшісі Ықылас Дүкенұлының шәкірті. Әбікей Ықыластың «Қазан», «Қамбар батыр», «Ерден» атты күйлерін жеткізуші. Әбікейдің «Жалғыз аяқ» күйі халық арасында кеңінен танымал.Әбікей Тоқтамысұлының қылқобызы – екі ішекті-ыспалы музыкалық аспап. Жұмыр шанақ аспап қызыл ағаштан шауып жасалған. Түсі қоңыр. Ішектері аттың қылынан тағылған. Бет терісі теріден тартылып, шанағының артына қайыспен айналдыра тартып ұстатқан. Аспапты атақты қобызшы Смағұл (Сматай) Үмбетбаев ұлт қазынасы ретінде өзінде сақтап келген. Аспапты  С.Үмбетбаевтың анасы Орынша Үмбетбаева 1982 жылы музей қорына тапсырды. Аспаптың ұзындығы – 69 см, бет шанағы – 38 см, басы – 10 см.

КЫЛКОБЫЗ АБИКЕЯ ТОКТАМЫСУЛЫ.

Абикей ученик талантливого кобызиста Ыхласа Дукенулы. Играл его кюи «Казан», «Камбар батыр» и «Ерден». Среди народа популярен кюй Абикея «Жалгыз аяк». Кылкобыз Абикея Токтамысулы – двухструнно-смычковый музыкальный инструмент. Каплевидной формы, сделан из цельного куска красного дерева. Цвет коричневый. Струны из конских волос. На деку натянута кожаная мембрана, которая крепится на оборотной стороне корпуса сыромятиной.Инструмент хранил как достояние народа известный кобызист Смагул (Сматай) Умбетбаев. В 1982 г. мама Смагула Орынша Умбетбаева передала в фонд музея. Длина инструмента – 69 см, дека – 38 см, голова – 10 см.

Адырна

Адырна сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.