Адырна – сан ғасырды артта қалдырып, тағдырдың талай тезінен өткен ерекше аспаптардың бірі. Адырна аспабының тұрқы алғашқыды батырлардың басты қаруының бірі – садақ секілді болып, кейін келе бұғы, марал, киік, бөкен сынды аңдардың тұрқына ұқсатылып жасалды. Аспапта ойналған кез келген әуез адам жүрегінің нәзік иірімдерін дөп басып, көңіл күмбезіне орнайды. Сондықтан, қадалған жерін ойып түсер қарудың адуынын еске түсіргендіктен де осылай аталса керек. Адырна – көп ішекті қазақтың шертпелі аспабы. Оны тізенің үстіне немесе екі аяқтың ортасына қойып, иыққа тіреп шертіп ойнайды. Адырнаның бетін көн терімен қаптайды, өйткені шанағы қуыс болып келеді. Жан-жануарлардың пішініне ұқсас болып келгендіктен мүйізі мен құйрығының екі ортасына көптеген ішектер жүргізеді. Адырнамен фольклорлық, яғни ауызекі қолданыспен жеткен әуендер немесе шығармаларды, кейде шағын күйлерді, кейде тіпті бір күйдің жетегінде қосымша үн қосу үшін де пайдаланады.Адырнаның құлақтары арқылы ежелгі замандағылар ести білген деп сенген. Оның құлақтары арқылы ішектері жүргізіледі. Аспап ойнаушының қай қолмен тартатындығына көңіл бөлмейді, оны оңқай да, солақай да іліп тартып немесе шертіп те ойнай алады. Ең бастысы – аспаптың үнін бұзбай, шебер орындай білсе болғаны.
Ұлы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, композитор Абай Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Абай облысының Шыңғыс тауы бөктерінде дүниеге келген.
Шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етіп, қазақ әдебиетін жаңа деңгейге көтерген Абай Құнанбайұлы ұлттық музыкада да үлкен із қалдырды. Ақын «Көзімнің қарасы», «Не іздейсің, көңілім», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Татьянаның хаты», «Сегізаяқ» сияқты бірнеше әні арқылы халықтық музыкаға жаңалық әкелді. Сонымен қатар, ұлы ақынның домбыраға арналған бірнеше күйі бар. «Май түні», «Майда қоңыр», «Торы жорға», «Абайдың желдірмесі» күйлері мен әндерінен өзара үндестік байқалады.
Абай бірнеше саз аспабын жасатқан. Өзінің төл ұрпақтары мен айналасындағы әнші-күйші, ақындарға арнап бірнеше домбыра жасатып, сыйға берген. Ақынның жеке домбырасы – үш ішекті, 8 пернелі, қалақша пішінді музыкалық аспап. Дыбыс ойығының саны – он, түсі – қоңыр. Домбыраны Абай мен ақынның ұлы Ақылбай қолданған. Кейін жәдігер мұра ретінде Ақылбайдың ұлы Исраилға қалды. Ұлы ақынның немересі Исраил бұл домбырамен облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі байқауларға қатысып жүрді. 1959 жылы Исраил дүние салып, кейіннен қыздары жәдігерді Семейдегі Абай Құнанбайұлының әдеби-мемориалдық музейіне тапсырған. Ал 1981 жылы ол Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қорына алынды. Қазіргі таңда аспап аталған музейде сақтаулы тұр.
Poet, writer, philosopher, and composer Shakarim Kudaiberdiuly was born in 1858 at the foot of the Shyngystau Mountains in the Abai region. A nephew and contemporary of Abai, Shakarim wrote profound lyrical poems, epic works such as “Kalkaman–Mamyr”, “Enlik–Kebek”, “Nartailak–Aisulu”, the novel “Adil–Mariya”, as well as many prose works, translations, historical and philosophical writings, and melodic songs.
His songs gained wide popularity, including: “Zhiyrma ush zhasymda” (At the age of twenty-three), “Zhylym – koi, zhuldyzym – shilde” (My year is the sheep, my star is July), “Korkyttyn saryny” (The melody of Korkyt), “Korkyt, Khozha Hafiz tusime endi de” (Korkyt and Khwaja Hafiz appeared in my dream), “Anadan algash tuganda” (When I was born from my mother), “Suragan salem ait” (Send greetings to the one who asked about me), “Oiladym bir soz zhazaiyn da” (I thought I would write some words), “Mutylgannyn omiri” (The life of the forgotten), “Sen gylymga bolsan yntyk” (If you are passionate about knowledge), “Konil”, “Baigazy”, and others.
Shakarim’s dombra is a two-stringed, 13-fret musical instrument with a scoop-like shape. It was made from a single piece of pine wood. After Shakarim’s death, the instrument was kept by his son, Akhat. Later, it was passed on to a teacher, who eventually gave it to the rector of the Shakarim State University in Semei. In turn, the rector presented the dombra to philanthropist Medgat Kulzhanov, who donated it in 2019 to the Museum of Folk Musical Instruments named after Ykhlas.
Ақын, жазушы, философ, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы қазіргі Абай облысындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Ұлы ақын Абайдың замандасы әрі інісі Шәкәрімнің қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, «Қалқаман–Мамыр», «Еңлік–Кебек», «Нартайлақ–Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ–Мәрия» романы және басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жиырма үш жасымда», «Жылым – қой, жұлдызым – шілде», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Мұтылғанның өмірі», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл», «Байғазы» сынды әндері танымал.
Шәкәрім Құдайбердіұлының домбырасы – екі ішекті, 13 пернелі, қалақша пішінді музыкалық аспап. Шанағы тұтас қарағайдан шауып жасалған, дыбыс ойығы үшбұрыш формасында. Шәкәрім қайтыс болған соң, аспап оның ұлы Ахаттың қолында қалған. Ахат қариядан домбыра Семейдегі бір мұғалімге, кейін ол мұғалімнен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректорына өткен. Өз кезегінде оқу орнының басшысы аспапты Шәкәрім өнерінің жанашыры болып жүрген меценат Медғат Құлжановқа табыстайды. Медғат Кәрімұлы 2019 жылы жәдігерді Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне өткізді. Қазіргі таңда домбыра аталған музейде сақтаулы тұр.