Домбырашы, күйші-композитор, Қазақстанның Халық артисі Мағауия Хамзин 1927 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы Қоңырат кентінде дүниеге келген. Ғалым-профессор Ақселеу Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» атты зерттеу еңбегінде «Мағауияға күйшілік-домбырашылық өнер өскен ортасынан дарыған», – дейді. Мағауияның үлкен атасы Әшімтай мен өз әкесі Хамза да домбырашы болған. Баласының тума дарынын байқаған әкесі оны өнерге баулиды. Мағауия Хамзин Тәттімбеттің, Тоқаның, Дайрабайдың, Әшімтайдың, Қыздарбектің, Сембек пен Әбдидің, өзінің ұстазы Аққыз Ахметқызының және басқа да халық композиторларының мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізуші, әрі насихаттаушы. Сондай-ақ, Моцарт, Брамс, Рахманиновтың классикалық шығармаларын тұңғыш рет домбыраға салып орындаған күйші. Өз жанынан «Белгісіз солдат», «Қосбасар» күйінің 1-2 түрін, «Космонавт», «Жайлау», «Көкек», «Жарыс», «Жас қазақ», «Шахтер күйі», «Алтын астық», «Амангелді туралы күй», «Шопан күйі», «Тоқырауын толғауы», «Жамбыл толғауы», «Балқаш толқыны» сияқты күйлер шығарған. Мағауия Хамзиннің домбырасы – екі ішекті, 20 пернелі, жұмыр шанақты музыкалық аспап. Шанағы 7 бөліктен құралған. Негізгі дыбыс ойығы және қосымша ирек тәрізді екі дыбыс ойығы бар. Аспап фабрикалық үлгіде жасалған. М.Хамзиннің күйшілігімен қатар домбыра аспабын өзіне лайықтап жасайтын қолөнер шеберлігі де болған. Күйші бұл домбыраның негізгі бет тақтайының үстінен дыбысын күшейту мақсатында қосымша бет тақтайлармен жапқан. Домбыраны 1983 жылы Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне Мағауия Хамзиннің өзі тапсырған.
Домбрист, кюйши-композитор, Народный артист Казахстана Магауия Хамзин родился в 1927 году в селе Конырат, Актогайского района, Карагандинской области. Ученый и профессор Акселеу Сейдимбек в своем исследовании «Казахское искусство кюя» пишет: «Искусство кюя даровалось Магауие от среды, где он рос». Дед Ашимтай и отец Хамза тоже были домбристами. Заметив у сына врожденный талант, отец приучил его к искусству.Магауия пропагандировал наследие Таттимбета, Тока, Дайрабая, Ашимтая, Кыздарбека, Сембека и Абди, своего учителя Аккыз Ахметкызы и других народных композиторов. Также, он впервые сыграл классические произведения Моцарта, Брамса, Рахманинова на домбре. Сочинил кюи «Белгісіз солдат», 1-й и 2-ой варианты «Қосбасар», «Космонавт», «Жайлау», «Көкек», «Жарыс», «Жас қазақ», «Шахтер күйі», «Алтын астық», «Амангелді туралы күй», «Шопан күйі», «Тоқырауын толғауы», «Жамбыл толғауы», «Балқаш толқыны».Домбра Магауи Хамзина – двухструнный, 20-ладовый инструмент каплевидной формы. Корпус сделан из 7-и частей. Имеются основное звуковое отверстие и два дополнительных в виде волнистых линий. Инструмент изготовлен по фабричному образцу. М. Хамзин также был известен как мастер, который преобразовывал инструмент на свой лад. Домбрист для увеличения звуки приделывал дополнительные дека поверх основной.В 1983 году Магауия Хамзин лично передал домбру в Музей народных музыкальных инструментов имени Ыхласа.
A dombra player, kuishi-composer, People’s Artist of Kazakhstan Magauiya Khamzin was born in 1927 in the village of Konyrat, Aktogai district of Karaganda region. A scientist and professor Akseleu Seidimbek in his study “The Kazakh art of kui” writes: “The art of kui was bestowed to Magauiya from the surroundings where he grew up”. Grandfather Ashimtai and father Khamza were the dombra players too. Noticing his son's innate talent, his father taught him to art.Magauiya promoted the legacy of Tattimbet, Toka, Dairabai, Ashimtai, Akkyz. And for the first time played the classic compositions of Mozart, Brahms, Rachmaninoff on the dombra. Also composed the kuis “Belgisiz soldat”, “Kosbasar” (1-2 variants), “Kosmonavta”, “Zhailau”, “Kokek”, “Zharys”, “Shahter kuii”, “Altyn astyk”, “Amangeldi turaly kui”, “Shopan kuii”, “Tokyrauyn tolgauy”, “Zhambyl tolgauy”, “Balkhash tolgauy”. In addition to the musician, he was a master who adapted the instrument himself. Magauyia brought the kuis of Tattimbet, Kyzdarbek, Sembek, Abdi and his teacher Akkyz Akhmetkyzy.Magauiya Khamzin’s dombra is a two-stringed, 20-frets, oval-shaped musical instrument. The body consists of 7 parts. There are main sound hole and additional ones in the form of wavy lines. It is a factory-made instrument. M. Khamzin was also known as a master who transformed the instrument in his own way. To increase the sounds he attached extra decks on the main surface.In 1983 Magauiya Khamzin personally transferred the dombra to the Museum of folk musical instruments named after Ykhlas, located in Almaty. Today the instrument is stored in the mentioned museum.