АХМЕТ ЖҰБАНОВ (1906-1968)

Ғалым, композитор, дирижер, Қазақстанның халық артисі Ахмет  Жұбанов 1906 жылы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында өмірге келген. Ахметтің музыкаға деген қабілеті ерте оянды. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Әжіғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алады. Ахмет Жұбановтың қазақ музыкасына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз әрі ол бір бағытпен шектеліп қалмайды. Ахмет Қуанұлы – қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты, қазақ фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеуді қолға алды. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің негізін қалап, көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері болған Ахмет Жұбанов бұрын-соңды болмаған ұжымдық орындаушылық дәстүрдің негізін қалады. Ахмет Жұбановтың композитор ретіндегі еңбегі бір төбе. Ол отызыншы жылдары бір актілі музыкалы драма қойылымдарына, фильмге музыка жаза бастады.  40 жылдардың басында «Москва», «Қарлығаш», «Ақ көгершін», «Жастар әні» сияқты тамаша әндер туады. Қазақтың кәсіби музыка өнерінен композитордың Л. Хамидимен бірігіп жазған «Абай» (1944) және «Төлеген Тоқтаров» (1947) атты опералардың алатын орны ерекше. 1944 жылы премьерасы өткен «Абай» – сол тұстағы қазақ операсының биік шыңы. Ахмет Жұбанов аталған туындылардан өзге қазақтың музыкалық мәдениетіне тың серпінмен келген ондаған ән мен күй, романстар мен хорларды, аспаптық симфониялық және вокалдық шығармаларды жазды. Ахмет Жұбановтың домбырасы – екі ішекті, 16 пернелі, жұмыр шанақты музыкалық аспап. Үйеңкі ағашынан жасалған, шанағы 11 бөліктен тұрады. Мойны қара, шанағы қызыл түске боялған. 1981 жылы Ахмет Жұбановтың қызы Ғазиза Жұбанова жәдігерді Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне өткізді.

АХМЕТ ЖУБАНОВ (1906-1968)

Ученый, композитор, дирижер, Народный артист Казахстана Ахмет Жубанов родился в 1906 году в Мугалжарском районе Актюбинской области. Способность к музыке у Ахмета зародилась рано. В раннем возрасте он получал урок от односельчанина кюйши Талыма, сельского учителя К.Ажигалиева, отца Куана и брата Кудайбергена.Вклад Ахмет Жубанова в казахскую музыку бесчисленный, и он не ограничивался только одним направлением. Ахмет Куанулы – один из композиторов старшего поколения, который основал современную профессиональную музыку. Он записал на ноты народные кюи, приспосабливая их к оркестру, и обогатил казахскую музыку сложными инструментальными симфоническими произведениями, взял в руки научное исследование казахского фольклора. Основавший и выступивший как художественный руководитель и главный дирижер Оркестра народных инструментов имени Курмангазы Ахмет Жубанов основал традицию коллективного исполнения, которой не было прежде.Труд Ахмета Жубанова как композитора особенный. В 30-х годах он начал записывать музыку для музыкально-драматических постановок в одном акте и фильмов. В начале 40-х годов были рождены такие замечательные песни, как «Москва», «Қарлығаш», «Ақ көгершін», «Жастар әні». Огромное место в казахском профессиональном музыкальном искусстве  занимает его совместные оперы «Абай» (1944) и «Толеген Токтаров» (1947) с композитором Л.Хамиди. «Абай» является пиком казахской оперы того времени. Помимо перечисленных произведений, Ахмет Жубанов написал десятки песен, кюев, романсов и хоров, инструментальные симфонические и вокальные произведения, пришедшие в казахскую музыкальную культуру с новым размахом.Домбра Ахмета Жубанова – двухструнный щипковый, 16-ладовый музыкальный инструмент каплевидной формы. Сделан из клена. Корпус состоит из 11 частей. Гриф – черный, корпус – красный.В 1981 году 24 июля дочь Ахмета Жубанова Газиза Жубанова передала в Музей народных музыкальных инструментов имени Ыхласа и сегодня хранится здесь.

AKHMET ZHUBANOV (1906-1968)

A scientist, composer, conductor, People’s Artist of Kazakhstan Akhmet Zhubanov was born in 1906 in Temir district of Aktobe region. The ability to music in Akhmet was born early. At an early age he received a lesson from a fellow villager Talym kuishi, a rural teacher K.Azhigaliev, father Kuan and brother Kudaibergen.The contribution of Akhmet Zhubanov to the Kazakh music is countless, and he was not limited by only one direction. Akhmet Kuanuly is one of the composers of the older generation who founded modern professional music. He recorded folk kuis on notes, adapting them to the orchestra and enriched Kazakh music with complex instrumental symphonic works, took the scientific study of Kazakh folklore in his hands. Founded and acted as an artistic director and chief conductor of the Kurmangazy Orchestra of Folk Instruments Akhmet Zhubanov founded a tradition of collective performance, which was not before.The merit of Akhmet Zhubanov as a composer is special. In the 1930s, he began recording music for musical and drama productions in one act and films. At the beginning of the 40s such wonderful songs as “Moskva”, “Karlygash”, “Ak kogershin”, “Zhastar ani” were created. His joint operas “Abai” (1944) and “Tolegen Toktarov” (1947) with composer L.Khamidi take huge place in the Kazakh professional musical art. “Abai” is the peak of the Kazakh opera of that time. In addition to the listed works, Akhmet Zhubanov wrote dozens of songs, kuis, romances and choirs, instrumental symphonic and vocal works, which came to the Kazakh musical culture with a new scale.Akhmet Zhubanov’s dombra is a two-stringed, 16-frets, oval-shaped musical instrument. It was made of maple; the body consists of 11 parts. The neck is black, the body is red.In 1981 Akhmet Zhubanov’s daughter Gaziza Zhubanova transferred the instrument to the Museum of folk musical instruments named after Ykhlas, located in the city of Almaty Today the instrument is stored in the mentioned museum.