Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қызметкерлері Мажарстанда референдумға қатысты

Бүгін Мажарстанда қызметтік іссапарда жүрген Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қызметкерлері атом электр станциясын(АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.

1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай Алматы музейінде Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнеткерлерінің шығармашылық жұмыстарының «Күзгі блюз» атты көрмесі ашылды.

Көрмеге 62 жастан 84 жас аралығындағы зейнеткерлердің 20-дан астам жұмыстары - натюрморттар, пейзаждар, абстракциялар қойылды.

Алматы қаласы музейлерінің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған «Алматы музейлері: Тарихқа саяхат» атты баспасөз туры

Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» және Алматы қаласы туризм басқармасына қарасты «Almaty Tourism Bureau» ұйымдастыруымен Бірлестік құрамына кіретін музейлер бойынша баспасөз-туры өткізілді.

Қала күні аясында Алматы қаласы музейлер бірлестігі ұйымдастырған «Мен Алматы қаласының тарихын білемін» қалалық байқау өз мәресіне жетті.

Қыркүйектің 1-15 аралығында өткен 3 кезеңнен тұрған байқауға Алматы қаласының жалпы білім беретін лицей мен гимназияларының 9-11 сынып оқушылары қатысты.